Бейсенбі, 6 Тамыз 2026 г.

$ 469.85
542.16
5.78
  • Алматы
    25°C
    • Астана
      21°C
Ру

СҚО-да бес жыл бойы алимент төлемеген әке сотталды

Фото көзі: : Sputnik/Владислав Воднев
ZontNews.kz
Шілде 30, 2026, 11:15 Т.Ж.

Солтүстік Қазақстан облысында бес жылдан астам уақыт бойы алимент төлеуден жалтарып келген азамат 1 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

Прокуратура мәліметінше, сот орындаушысы борышкерге бірнеше рет ресми жұмысқа орналасып, алимент бойынша берешегін өз еркімен өтеу қажеттігін ескерткен. Алайда ол бұл талаптарды орындамай, ресми түрде жұмыс істемей, тапқан табысын жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Бүгінде өңірдегі жеке сот орындаушыларының өндірісінде 9 мыңнан астам алимент өндіріп алу ісі бар. Ата-аналардың жалпы берешегі 2,5 млрд теңгені құрайды. Жыл басынан бері алимент төлемеген 100-ге жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз