LVMH табысы өсті, бірақ өсім баяулады: сән сегменті 9%-ға төмендеді
Францияның люкс тауарлар өндіруші алпауыты LVMH (Moët Hennessy Louis Vuitton) 19,1 млрд еуро көлемінде табыс тапқанын мәлімдеді. Алайда компанияның өсімі нарық күткеннен әлдеқайда төмен болып, небәрі 1%-ды құрад, деп хабарлайды ZontNews.kz. Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Компания өкілдері мұндай нәтижені геосаяси және экономикалық жағдайлармен, соның ішінде Таяу Шығыстағы тұрақсыздықпен байланыстырды. Бұл факторлар органикалық өсімді шамамен 1%-ға тежеген.
Ең үлкен құлдырау негізгі бағыт – сән және былғары бұйымдар сегментінде байқалды. Бұл саладағы табыс 9%-ға төмендеген. Сонымен қатар басқа бағыттарда да төмендеу тіркелді: парфюмерия мен косметика – 6%-ға, сағаттар мен зергерлік бұйымдар – 2%-ға, бөлшек сауда – 3%-ға, ал шарап пен спирттік ішімдіктер – 2%-ға азайған.
Аймақтық тұрғыда қарағанда, АҚШ-та сатылым жақсы нәтиже көрсеткен. Еуропа мен Жапонияда сұраныс тұрақты болғанымен, туристер ағынының азаюы әсер еткен. Ал Азияда (Жапониядан бөлек) өсім сақталып отыр. Компания бұл үрдісті 2025 жылдың соңында басталған оң динамикамен түсіндірді.
Нәтижелер күткеннен төмен болғанына қарамастан, LVMH инвестиция көлемін қысқартпайтынын атап өтті. Компания Louis Vuitton және Christian Dior брендтерін дамытуға, бөлшек сауда желісін кеңейтуге және жаңа өнімдер шығаруға қаржы құюды жалғастырып жатыр.
Компания 2026 жылға қатысты «сақ оптимизм» ұстанып отырғанын мәлімдеп, нарықтарды әртараптандыру мен инновацияларға басымдық беру арқылы өз позициясын нығайтуды жоспарлап отыр.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз