Ғылымға бөлінген миллиардтардан заңбұзушылық анықталды
Жоғары аудиторлық палата Қазақстан ғылымын қаржыландыруға бөлінген 262 млрд теңгенің жұмсалуын тексеріп, елеулі кемшіліктерді анықтады, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Аудит қорытындысы бойынша 51 млрд теңгеге қаржылық заңбұзушылықтар анықталып, 47 млрд теңге тиімсіз жоспарланған және жұмсалған. 2023–2025 жылдары орындалмаған 149 ғылыми-техникалық тапсырмаға 67 млрд теңге қарастырылған.
Ұлттық ғылыми кеңестердің 84 мүшесі жалпы құны 52 млрд теңге болатын жобалардың зерттеу топтарына кірген. Бұл жағдай мүдделер қақтығысы тәуекелін туғызған.
Ғылыми зерттеулерге бағытталуы тиіс қаражаттың бір бөлігі депозиттер мен бағалы қағаздарға салынған. Astana Hub алған 43 млрд теңгенің 23 миллиарды бағалы қағаздарға, ал «Самғауға» түскен 15 млрд теңгенің 10 миллиарды депозиттер мен РЕПО операцияларына орналастырылған.
Аудит қорытындысымен Үкіметке бес ұсыным, тексерілген мекемелерге 66 тапсырма берілді. Үш дерек бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жолданбақ.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз