Ғылым экономикаға неге серпін бермейді?
Қазақстанда ғылымды қаржыландыру екі еседен астам өскенімен, оның экономикаға ықпалы әлі де төмен, деп хабарлайды ZontNews.kz
2022–2025 жылдары ғылымға бөлінген қаражат 122 млрд теңгеден 262 млрд теңгеге дейін артқан. Алайда ғылымның экономикадағы үлесі жоспарланған 1%-тің орнына жалпы ішкі өнімнің небәрі 0,16%-ін құрады.
Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловтың айтуынша, ғылымның мемлекеттік бюджетке тәуелділігі күшейген. Бюджеттік қаржыландыру үлесі 55%-тен 82%-ке дейін өскен. Бұл ғылыми әзірлемелерге бизнес тарапынан сұраныстың жеткіліксіз екенін көрсетеді.
Сонымен қатар тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелердің үлесі 13%-тен 5%-ке дейін төмендеген.
«Қаржыландыру көлемі ұлғайғанымен, тиісті технологиялық нәтижелер салыстырмалы түрде көрініс таппай отыр», – деді Әлихан Смайылов.
Аудит қорытындысы ғылымға қаржы бөлумен қатар, оның өндірісте қолданылуына, коммерциялануына және экономикаға нақты пайда әкелуіне басымдық беру қажеттігін көрсетті.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз