Қазақстанға визасыз келетін шетелдіктер үшін жаңа талап енгізілді
2026 жылғы 1 қарашадан бастап Қазақстанға визасыз келетін шетел азаматтарына арналған QazETA электронды рұқсат жүйесі кезең-кезеңімен енгізіле бастады, деп хабарлайды ZontNews.kz
Алғашқы кезеңде рұқсат Ақтау әуежайында және «Үрлітөбе», «Аухатты», «Атамекен», «Нұрлы жол» автомобиль өткізу бекеттерінде тексеріледі. 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап жүйе Астана мен Алматы әуежайларында, ал 1 наурыздан бастап барлық шекара бекетінде қолданылады.
2027 жылғы 1 шілдеге дейін QazETA-ның болмауы шетелдікті елге кіргізбеуге негіз болмайды. Осы күннен кейін электронды рұқсат міндетті талапқа айналады.
Өтінім сапарға кемінде 72 сағат қалғанда QazETA платформасы арқылы беріледі. Рұқсат тегін рәсімделіп, 180 күнге жарамды болады.
QazETA визаны алмастырмайды, Қазақстанда болу мерзімін ұзартпайды және елге кіруге толық кепілдік бермейді.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз