Шетелге жұмысқа кеткендер бақылауға алынады
Қазақстан шетелге жұмыс істеуге шығатын азаматтарды есепке алып, олардың сапарына мониторинг жүргізбек. Бұл шара еңбек қанауы мен адам саудасының алдын алуға бағытталған, деп хабарлайды ZontNews.kz
Премьер-министр Олжас Бектенов 28 қазанда адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі 2027–2029 жылдарға арналған жоспарды бекітті. Құжат 32 іс-шараны қамтиды.
Жоспарға сәйкес, 2027 жылдың екінші тоқсанында шетелге еңбек ету үшін шығатын қазақстандықтарды есепке алу және бақылау тетігі іске қосылады. Сондай-ақ шетелге жұмысқа орналастырумен айналысатын жеке агенттіктер мен делдал ұйымдардың қызметі тексеріледі.
Қазақстандағы шетелдік жұмысшылар мен еңбек мигранттарының құқықтарын қорғау да күшейтіледі. Оларға заңгерлік және әлеуметтік көмек көрсетіліп, еңбек және тұрмыс жағдайларына мониторинг жүргізіледі.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз