Бейсенбі, 5 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    8°C
    • Астана
      -1°C
Ру

Ханзада Уильям Қазақстанның киіктерді қорғаудағы жетістігін атап өтті

Фото көзі: : Бейнероликтен үзінді
ZontNews.kz
Қаз. 27, 2026, 4:22 Т.Қ.

Ұлыбритания ханзадасы Уильям танымал телешоуға қатысып, Қазақстандағы киік популяциясын қалпына келтіру жобасы туралы айтты, деп хабарлайды  ZontNews.kz. Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігіне сілтеме жасап.

Қазақстан елшілігі Instagram желісіндегі ресми парақшасында BBC телеарнасындағы The Graham Norton Show бағдарламасынан үзінді жариялады. Бағдарлама барысында ханзада Уильям Қазақстанның киік популяциясын қалпына келтірудегі жетістігін атап өтіп, жануарлар санының өсуіне мемлекеттік қолдаудың ықпал еткенін айтты.

«Бұрын киіктер жойылып кетудің алдында тұрған еді, ал қазір олардың саны қайтадан орасан зор көрсеткішке жетті. Мұның бәрі Қазақстан үкіметінің киіктердің ел мен табиғатты қорғау үшін қаншалықты маңызды екенін түсінуінің арқасында жүзеге асты. Билік оларды қорғауға жан-жақты қолдау көрсетті», – деді ханзада Уильям.

2023 жылы Халықаралық табиғатты қорғау одағы киіктің мәртебесін «жойылып кету қаупі жоғары» санатынан алып тастаған еді. Бұл шешім Қазақстандағы киік санының айтарлықтай өсуіне байланысты қабылданды.

Киіктерді қорғау және есепке алу бойынша қабылданған мемлекеттік шаралардың нәтижесінде елдегі жануарлар саны 2003 жылғы 21 мыңнан 2023 жылы 1 миллион 915 мыңға дейін өсті.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз