Аптап ыстықта қашықтан жұмыс істеуге бола ма: Еңбек министрлігі түсініктеме берді
Қазақстанда аптап ыстық күндері жұмыс берушілер қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыра алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Ведомствоның түсіндіруінше, Еңбек кодексінің 138-бабына сәйкес, қашықтан немесе аралас жұмыс режимі қызметкер мен жұмыс берушінің өзара келісімі бойынша белгіленеді. Яғни мұндай бастаманы екі тараптың кез келгені көтере алады.
Сондай-ақ министрлік аптап ыстықта ашық аспан астында жұмыс істейтін қызметкерлерге арнайы үзілістер қарастырылғанын еске салды. Олар салқындап, демалуға арналған үзілістермен қамтамасыз етіледі және бұл уақыт жұмыс уақытына енгізіледі.
Жұмыс беруші қызметкерлердің демалуы мен салқындауына қолайлы жағдай жасап, арнайы орындарды жабдықтауға міндетті.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз