Саша Барон Коэн Қазақстан халқынан кешірім сұрады
«Борат» фильміндегі басты рөлді сомдаған британдық комик Саша Барон Коэн Қазақстан халқынан кешірім сұрады, – деп хабарлайды ZontNews.kz.
Актер бұл туралы Happy Sad Confused подкастында айтты.
«Мен алғаш рет Қазақстан халқынан кешірім сұрағым келеді. Өйткені Бораттың Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ», – деді Коэн.
Комиктің айтуынша, Борат кейіпкерінің аты-жөні мен шыққан жері жобаны ұсынған телеарнаға байланысты бірнеше рет өзгерген. Кейіпкерді ұзақ уақытқа пайдалану құқығын HBO сатып алған кезде, нақты бір елді таңдау қажет болған. Сол сәтте Коэн картадан Қазақстанды кездейсоқ таңдағанын мәлімдеді.
Актер фильм жарыққа шыққаннан кейін Қазақстан елшілігінен наразылық білдірілген хат алғанын да еске алды. Оның сөзінше, фильмдегі басты мақсат Қазақстанды келемеждеу емес, өздері білмейтін ел туралы ең қисынсыз мәліметтерге де сенуге дайын адамдардың надандығын әжуалау болған.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз