Бейсенбі, 5 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    8°C
    • Астана
      -1°C
Ру

Швеция мемлекеттік қызметкерлеріне ChatGPT пен Claude қолдануға тыйым салды

Фото көзі: : ЖИ
ZontNews.kz
Қаз. 27, 2026, 12:33 Т.Қ.

Швеция үкіметі мемлекеттік қызметкерлерге жұмыс компьютерлерінде OpenAI компаниясының ChatGPT және Anthropic компаниясының Claude сервистерінің браузерлік нұсқаларын пайдалануға тыйым салды, деп хабарлайды  ZontNews.kz. Euronews порталына сілтеме жасап.

Мұндай шектеулер Швецияның салық агенттігі мен ұлттық түзеу мекемелерінде де енгізілді.

Бұл шешім Швеция Көлік басқармасы қызметкерлері пайдаланған жасанды интеллект құралдарына жүргізілген тексерістен кейін қабылданған. Билік арнайы деректерді қорғау және қауіпсіздік туралы келісімдер болмаған жағдайда, платформаларға енгізілген құпия ақпарат жасанды интеллект жүйелерінде пайдаланылып, оларды оқыту мақсатында сақталуы мүмкін деп алаңдайды.

Швеция үкіметі кеңсесінің цифрландыру жөніндегі директоры Микаэль Веттеркранц бақылаусыз әрі тиісті келісімдермен қорғалмаған платформаларды қолдану елдің ақпараттық қауіпсіздігіне кері әсер етуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Мемлекеттік қызметкерлерге қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тексерілген Microsoft Copilot құралын пайдалану ұсынылды.

ChatGPT және Claude сервистерімен жұмысты жалғастыруға қызметкерлердің шектеулі санатына ғана рұқсат беріледі. Олар бұл құралдарды Швеция билігі әзірлеген жасанды интеллект көмекшілеріне арналған арнайы қорғалған платформа арқылы пайдалана алады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз