Қазақстанда 11 ірі банк тексеріледі
Қазақстанда екінші деңгейдегі банктердің қарыз алушылардың борыш жүктемесі коэффициентін дұрыс есептеуіне тұрақты тексеру жүргізіле бастады. Қадағалау аясында 11 ірі банк қамтылады, деп хабарлайды ZontNews.kz Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.
Debt Service Review процесі банктердің несие рәсімдеу кезінде азаматтардың төлем қабілетін қаншалықты дұрыс бағалайтынын анықтауға бағытталған. Бұған дейінгі пилоттық жоба барысында сегіз банкте жүргізілген талдау тұрақты бақылау енгізу қажеттігін көрсеткен.
Тексеру нәтижесінде анықталған заңбұзушылықтар бағаланып, банктерге қатысты қадағалау шаралары қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ оларға кемшіліктерді жою жөніндегі жоспарлар бекітіледі.
Борыш жүктемесі коэффициенті қарыз алушының ай сайынғы несие төлемдерінің орташа табысына қатынасын көрсетеді. Оны дұрыс есептемеу азаматтардың шамадан тыс несие алуына және банктердің кредиттік тәуекелдерінің артуына әкелуі мүмкін.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз