Ақтөбеде есірткі саудасына қызмет көрсеткен «айырбастау тобы» әшкереленді
Ақтөбе облысында есірткі сататын интернет-дүкеннің төлемдерін қабылдап, ақша аударумен айналысқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды ZontNews.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Тергеу дерегінше, Ақтөбе тұрғыны әлеуметтік желіде айырбастау тобын құрып, оған жеті сыбайласын тартқан. Олар күндізгі және түнгі ауысыммен тәулік бойы жұмыс істеп, күн сайын 50–70 төлем операциясын жүргізген.
Ақшаны қабылдау үшін үшінші тұлғалардың атына рәсімделген 22 банк картасы пайдаланылған. Кейін қаражат криптовалютаға айырбасталып, есірткі бизнесі кураторларының криптоәмияндарына жіберілген.
Аударымдардың жалпы көлемі 918 мың USDT-ден асып, 400 млн теңгеден астам соманы құрады. Схеманы ұйымдастырушы қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз