Тоқаев Теміртауда жаңартылған трамваймен жүріп өтті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Теміртауда қалпына келтірілген трамвай қозғалысы жүйесімен танысты, деп хабарлайды ZontNews.kz
Мемлекет басшысы Республика даңғылынан «Инженер» аялдамасына дейін трамваймен жүріп, атқарылған жұмыстардың сапасы мен көлік инфрақұрылымының дайындығын бағалады.
Qarmet компаниясы трамвай қозғалысын 2024 жылы қалпына келтірген. Содан бері қоғамдық көлікпен миллионнан астам жолаушы сапарлаған. Қалада 30 шақырым трамвай жолы жаңартылып, сегіз заманауи вагон сатып алынған.
Трамвайларда электронды төлем жүйесі жұмыс істейді. Qarmet кәсіпорнының қызметкерлері мен ардагерлері үшін жол жүру тегін.
Президент Теміртау үшін трамвайдың тарихи маңызы бар екенін айтып, қаланы абаттандыру бағытындағы оң өзгерістерді атап өтті.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз