Бейсенбі, 5 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    8°C
    • Астана
      -1°C
Ру

Қазақстан Roblox-тан қауіпті контентті жоюды талап етті

Фото көзі: : ЖИ
ZontNews.kz
Қар. 3, 2026, 5:40 Т.Қ.

Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі Roblox платформасынан балалардың психикасына кері әсер етуі мүмкін материалдарды жоюды талап етті. Тексеру барысында 40 виртуалды ойын бөліміне қатысты заңбұзушылық анықталған, деп хабарлайды ZontNews.kz 

Министрлік «brain rot» және «Schoolboy Runaway» атауымен таралған материалдарды қауіпті деп бағалады. «Brain rot» ағылшын тілінен «мидың шіруі» деп аударылады. Бұл атау жасөспірімдер ұзақ уақыт көріп, бір-біріне тарататын мағынасыз әрі абсурд контентке қатысты қолданылады.

Ведомствоның мәлімдеуінше, мұндай материалдар балалардың психикасына кері әсер етіп, мінез-құлқында ауытқулардың қалыптасуына ықпал етуі мүмкін.

Roblox әкімшілігіне 39 сілтеме бойынша материалдарды толығымен жоюды талап еткен тоғыз хат жолданды. Сонымен қатар «Schoolboy Runaway» ресурсына кіруді шектеу туралы жеке нұсқама шығарылды. 

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ Roblox платформасының балаларға ықпалын тексеруді сұраған. Ол ойынға тәуелділік, агрессия, жас ерекшелігіне сәйкес келмейтін контент, сондай-ақ чаттар арқылы балалармен байланыс орнататын алаяқтар мен қылмыстық ниеті бар адамдардың әрекеттеріне назар аударған.

Министрлік бұған дейін Roblox платформасын Қазақстанда толық бұғаттау мәселесі қарастырылмайтынын мәлімдеген.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз