Бейсенбі, 5 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    8°C
    • Астана
      -1°C
Ру

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Фото көзі: : Ақорда
ZontNews.kz
Қар. 4, 2026, түсқайта

Әсел Жанасова Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – көлік министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасағанм ZontNews.kz  хабарлайды.

Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, Әсел Жұбанышқызы Жанасова жаңа қызметке тағайындалып, бұған дейін атқарған лауазымынан босатылды.

Айта кетейік, 2025 жылғы желтоқсаннан бастап ол Президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарған. Бұған дейін Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болған.

Әсел Жанасова 1987 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2010 жылы «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша Кембридж университетінде компьютерлік ғылымдар саласында білім алған. 2014 жылы осы университетте магистр дәрежесін алған. Сонымен қатар Мәскеу мемлекеттік университетінде Executive Management бағдарламасы бойынша оқыған.

Еңбек жолын 2010 жылы Лондондағы халықаралық компаниялардың бірінде ақпараттық технологиялар саласының маманы ретінде бастаған. Кейін ақпараттық технологиялар басқармасының менеджері және киберқауіпсіздік департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

2014-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Цифрлық технологиялар департаменті директорының орынбасары болды.

2016-2017 жылдары «Зерде» ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы қызметін атқарды.

2017-2018 жылдары «Астана» халықаралық қаржы орталығы басқарушысының кеңесшісі, ал 2018-2020 жылдары осы орталықтың цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры болды.

2020-2022 жылдары Сауда және интеграция министрінің орынбасары қызметін атқарды.

2022-2025 жылдары «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы болды.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Сауранбаев көлік министрі қызметінен босатылған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз