Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026 г.

$ 446.94
513.27
5.31
  • Алматы
    24°C
    • Астана
      14°C
Ру

Жоғары курс студенттері жатақхана ала ма?

Фото көзі: : Алматы әкімдігі
ZontNews.kz
Там. 19, 2026, 2:22 Т.Қ.

Алматыда үшінші және төртінші курс студенттері де жатақханаға өтініш беріп, бос орын болған жағдайда орналаса алады. Бұл туралы қалалық Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Қажденбек мәлімдеді, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Оның сөзінше, жоғары курс студенттерінің өтініштері міндетті түрде қаралады. Оларға жатақханадан әдейі аз орын бөлінеді деген пікір шындыққа сәйкес келмейді.

Дегенмен орналастыру кезінде бірінші курс студенттеріне басымдық беріледі. Себебі басқа өңірлерден Алматыға жаңадан келген жастар қалаға әлі бейімделмегендіктен, оларды оқу орнына жақын жатақханалармен қамтуға мән беріледі.

Ал үшінші және төртінші курс студенттерінің арасында пәтер жалдауды таңдайтындар жиі кездеседі. Басқарма басшысы мұны жоғары курс студенттерінің оқуымен қатар жұмыс істей бастауымен және жатақханадағы белгіленген тәртіпке байланыстырады.

Университеттің өз жатақханаларында орын жеткіліксіз болған жағдайда студенттер жеке инвесторлармен келісім негізінде жұмыс істейтін қосымша жатақханаларға орналастырылуы мүмкін.

Сонымен қатар оқу жылы басталғаннан кейін бос орындар пайда болып отырады. Әсіресе қазан айына қарай кейбір студенттер жұмысқа орналасып немесе басқа баспана тауып, жатақханадан шығуы мүмкін. Босаған орындарға кезекте тұрған студенттерді орналастыру жалғасады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз