Цюрихтегі рұқсат етілмеген шеру жаппай тәртіпсіздікке ұласты
Швейцарияның Цюрих қаласында солшыл радикал белсенділердің рұқсат етілмеген шеруі полицейлермен қақтығысқа ұласты, деп хабарлайды ZontNews.kz РИА Новости басылымына сілтеме жасап.
Лангштрассе ауданында өткен акцияға бетперде мен қорғаныш көзілдірігін таққан бірнеше жүз адам қатысқан. Олар милитаризацияға, полицияның әрекетіне, капитализм мен фашизмнің күшеюіне қарсы шығып, Газа секторындағы соғысқа наразылық білдірген.
Шеру кезінде терезелер сындырылып, ғимараттардың қасбеттері бүлінген. Электрсамокаттар, электрвелосипедтер мен қоқыс контейнерлерінен жасалған баррикадалар өртелген. Келтірілген залал ондаған мың долларға бағаланды.
Полицияның мәліметінше, тәртіпсіздікке қатысушылар медициналық көмек көрсетуге келген патрульге шабуыл жасап, қызметтік көлікті бүлдірген. Салдарынан полицейлер аяғынан ауыр жарақат алған жасөспірімге көмек көрсете алмай, шегінуге мәжбүр болған.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз