Қазақстандықтар төрт елде өз банкінің қосымшасымен QR-төлем жасай алады
Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Әзербайжан ұлттық QR-төлем жүйелерін біріктіру мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды ZontNews.kz Қазақстан Ұлттық банкіне сілтеме жасап.
Бес елдің орталық және ұлттық банктерінің өкілдері 22–23 қазанда Тәжікстанда өткен өңірлік кездесуде ұлттық төлем платформаларын, жедел төлем жүйелерін және QR-код стандарттарын дамыту мәселелерін талқылады.
Кездесуге қатысушылар QR-төлемдердің ұлттық жүйелерін интеграциялау жөніндегі Қазақстанның ұсынысын қолдады. Тараптар 2026 жылдың соңына дейін жүйелердің өзара жұмыс істеу тетігін нақтылауға келісті.
Бастама жүзеге асса, бес елдің азаматтары шетелге сапар кезінде өз банктерінің мобильді қосымшасы арқылы QR-кодпен төлем жасап, бір-біріне нақты уақыт режимінде ақша аудара алады.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз