Бейсенбі, 5 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    8°C
    • Астана
      -1°C
Ру

Атырауда өзін «террорист» деп таныстырған екі әйелге қатысты үш әкімшілік іс қозғалды

Фото көзі: : pexels.com
ZontNews.kz
Қар. 4, 2026, 3 Т.Қ.

Атырауда әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығып, өзін террорист деп жариялаған екі әйелдің әрекетіне байланысты полиция әкімшілік істер қозғады, деп хабарлайды ZontNews.kz kazinform.ға сілтеме жасап.

Оқиға қаладағы сауда орындарының бірінде болған. 38 және 39 жастағы екі әйел әлеуметтік желіде тікелей эфир жүргізіп, олардың бірі өзін террорист деп таныстырған. Сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері оны жақсы танитынын айтқан.

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, әйелдерге қатысты ұсақ бұзақылық, құқыққа қайшы контент тарату және қоғамдық орындарда адамның жеке басын анықтауға кедергі келтіретін киім кию деректері бойынша үш әкімшілік іс қозғалған.

Қазіргі уақытта іс материалдары сотқа жолданды.

Сонымен қатар әйелдермен теолог профилактикалық әңгіме жүргізген. Кездесу барысында оларға заң талаптары мен қоғамдық тәртіп нормалары түсіндіріліп, мұндай құқық бұзушылықтарға жол бермеу қажеттігі ескертілген.

Полиция өкілдері әлеуметтік желілерде де заң талаптары сақталуы тиіс екенін атап өтті. Тікелей эфир кезінде жасалған құқыққа қайшы әрекеттер үшін азаматтар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз