Бейсенбі, 5 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    8°C
    • Астана
      -1°C
Ру

Перизат Қайрат еден жуушы болды

Фото көзі: : ASTANATV.KZ
ZontNews.kz
Қар. 3, 2026, 11:40 Т.Ж.

Қайырымдылыққа жиналған қаржыны жымқырғаны үшін сотталған Перизат Қайрат жазасын өтеп жатқан мекемеде еден жуушы болып жұмыс істейді, деп хабарлайды ZontNews.kz 31-арнаның «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті оның еңбекақысы мен жұмыс кестесі туралы мәлімет бермеді. Ал бірге сотталған анасы Ғайни Алашбаева әзірге жұмысқа орналаспаған.

Еске салайық, Biz Birgemiz Qazaqstan қорының бұрынғы басшысы Перизат Қайрат қайырымдылыққа жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп айыпталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Оның анасы жеті жылға сотталды. Перизат Қайрат өзіне тағылған айыптарды мойындаған жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз