Павлодарда өндірістік жарақат алған жұмысшыға 4 млн теңге моральдық өтемақы төленеді
Павлодар қаласында өндірістік жазатайым оқиға салдарынан оң аяғының бас бармағынан айырылған жұмысшының моральдық зиянды өтеу туралы талап арызы қаралды ZontNews.kz
Павлодар облысы соттарының мәліметінше, жұмысшы жұмыс міндеттерін орындау кезінде ауыр жарақат алып, нәтижесінде оң аяғының бірінші саусағын ампутациялауға тура келген.
Жазатайым оқиғаны тергеу комиссиясы оқиғаға жұмыс берушінің 100 пайыз кінәлі екенін анықтаған.
Осыған байланысты жұмысшы жауапкер ЖШС-ден 10 млн теңге көлемінде моральдық зиянды өтеуді талап еткен.
Бірінші сатыдағы сот талап арызды ішінара қанағаттандырып, серіктестіктен 4 млн теңге моральдық өтемақы және 500 мың теңге өкілдің қызметіне жұмсалған шығынды өндіріп алу туралы шешім шығарған.
Тараптардың апелляциялық шағымдарын қараған сот алқасы тағайындалған өтемақы мөлшерін негізді әрі әділ деп таныды.
Нәтижесінде бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылып, апелляциялық шағымдар қанағаттандырылмады. Сот қаулысы заңды күшіне енді.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз