Қазақстандықтар аты-жөнін қанша рет өзгерте алады?
2026 жылдың алғашқы тоғыз айында 14 162 қазақстандық аты-жөнін өзгертуге өтініш берген, деп хабарлайды ZontNews.kz «Хабар» агенттігіне сілтеме жасап.
Қазақстанда 16 жасқа толған азамат аты-жөнін заңда қарастырылған негіздер бойынша өзгерте алады. Олардың қатарында есімнің айтуға қиын немесе қолайсыз болуы, орфографиялық қатені түзету, құжаттағы есімді күнделікті қолданылатын нұсқамен алмастыру, бала асырап алу және ата-анасының аты-жөнінің өзгеруі бар.
Аты-жөнді қанша рет өзгертуге болатынына заңмен шектеу қойылмаған. Алайда әр өзгерістен кейін төлқұжатты, жүргізуші куәлігін, банк карталарын және басқа да құжаттарды жаңарту қажет.
2025 жылы тіркеуші органдар осындай 18 763 өтінішті қараған. Аты-жөні өзгергенімен, адамның жеке сәйкестендіру нөмірі өзгермейді, ал бұрынғы деректері мемлекеттік базада сақталады.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз