Шымкентте спортшыны өлтіргендер сотталды
Шымкентте спортшы Василий Колесниковты өлтіріп, тағы бір адамды жаралаған алты адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды ZontNews.kz
Тергеу мәліметінше, күдіктілер жәбірленушілер отырған көлікті әдейі соғып, жол апатын ұйымдастырған. Кейін көлікке шабуыл жасап, Василий Колесниковты пышақтаған. Оның денесі Ордабасы ауданындағы аурухана тұрағына жеткізілген.
Сот алты адамды кісі өлтіру, кісі өлтіруге оқталу, бұзақылық және адам ұрлау баптары бойынша кінәлі деп таныды.
Сотталушылар 20 жылдан 23 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, шабуылдан ауыр жарақат алған жәбірленушіге 10 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.
Полиция қылмысқа қатысы бар адамдарды ұстағанымен, тағы бір күдікті әлі іздестіріліп жатыр.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз