Алматы метросында жарылғыш зат туралы жалған хабарлама түсті
Алматы метросындағы «Райымбек батыр» бекетінде жолаушы жарылғыш құрылғы бар екені туралы хабарлаған. Осыған байланысты бекетте тексеру жұмыстары жүргізіліп, метро қозғалысы уақытша шектелді, деп хабарлайды ZontNews.kz
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, күдік тудырған хабарламаны айтқан әйел адам дереу ұсталған.
Оқиға орнына тиісті мамандар шақырылып, бекетке кешенді тексеру жүргізілді. Нәтижесінде жарылғыш құрылғылар мен күмәнді заттар табылған жоқ.
Полицияның алдын ала мәліметінше, әйел адам Психикалық денсаулық орталығында есепте тұрады. Қазіргі уақытта оқиға бойынша тексеру жүргізіліп, оның әрекетіне құқықтық баға берілмек.
Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, қазіргі уақытта Алматы метрополитені штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Жағдай полицияның бақылауында.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз