Алаяқтар «Қазпошта» атын жамыла бастады
Бас прокуратура қазақстандықтарға дербес деректерді ұрлауға бағытталған интернет-алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Қаскүнемдер өздерін «Қазпошта» қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарға сәлемдеме келгені туралы хабарламалар жіберуде. Мекенжайды нақтылауды сылтау еткен алаяқтар пошта қызметінің ресми сайтына ұқсас фишингтік сілтеме ұсынады.
Сілтемеге өткен азаматтар жеке мәліметтері мен тұрғылықты мекенжайын қаскүнемдерге өздері беріп қоюы мүмкін. Хабарламалардың қазақ тілінде әрі ресми стильде сауатты жазылуы да адамдардың сенімін арттырып отыр.
Құқық қорғау органдары бейтаныс нөмірлерден келген сілтемелерге өтпеуге, күмәнді ресурстарға жеке және банктік деректерді енгізбеуге шақырады. Сәлемдеме туралы ақпаратты тек пошта қызметінің ресми қосымшасы немесе ресми байланыс арналары арқылы тексерген жөн.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз