Жума, 13 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    -1°C
    • Астана
      -1°C
Ру

Қазақстандық қымыз халықаралық жүлдеге ие болды

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Қар. 9, 2026, 10:20 Т.Ж.

Қазақстандық дәстүрлі қымызды заманауи қаптамада ұсынған жоба халықаралық Pentawards байқауында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ZontNews.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Бренд-стратег Ырысты Ерденнің айтуынша, Pentawards сыйлығы брендинг саласындағы «Оскар» саналады. Байқаудың 20 жылдығына орай 66 елден екі мыңға жуық өтінім түсіп, олардың 20 пайыздан азы ғана марапатқа лайық деп танылған.

Бұған дейін қазақстандық жоба Нью-Йоркте өтетін беделді Dieline байқауында да жеңіске жеткен. Жоба жергілікті өндірушімен бірлесіп, ұлттық сусынның жаңа брендін қалыптастыру мақсатында әзірленген.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз