Трамп Илон Маскқа алдын ала кешірім беруге дайын
АҚШ президенті Дональд Трамп аралық сайлаудан кейін демократтар Конгресті бақылауына алса, кәсіпкер Илон Маск пен оның жақын көмекшілеріне алдын ала кешірім беруге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы ZontNews.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
New York Post басылымының Pod Force One подкастында Трамп Масктың SpaceX компаниясын мемлекет меншігіне алу әрекеті болуы мүмкін деген болжамға пікір білдірді. Ол мұндай жағдайда кәсіпкер мен оның командасын қорғауға дайын екенін айтты.
Алдын ала кешірім беру мүмкіндігі туралы сұраққа АҚШ президенті: «Әрине, қажет болса, солай істеймін», – деп жауап берген.
АҚШ заңнамасына сәйкес, президент федералдық құқықбұзушылықтар бойынша әлі айып тағылмаған адамдарға да кешірім бере алады.
Еске салайық, АҚШ-та аралық сайлау 3 қарашада өтеді. Сайлау нәтижесінде Конгрестің екі палатасының құрамы жаңарады.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз