Жума, 13 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    -1°C
    • Астана
      -1°C
Ру

Ақмола облысында екі автотасығыш аударылды

Фото көзі: : видеодан скрин
ZontNews.kz
Қар. 13, 2026, 3:32 Т.Қ.

Ақмола облысында 15 жаңа автокөлік тиелген екі тасымалдаушы жолдан шығып, аударылды, деп хабарлайды  ZontNews.kz. 

Жол-көлік оқиғасы 13 қарашада Астана – Атбасар – Жақсы автожолының 131-шақырымында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, FAW маркалы екі автотасығыштың шетелдік жүргізушілері Хоргостан Ресейге 15 жаңа көлік жеткізіп бара жатқан. Жолдағы көктайғақ салдарынан бірінші жүк көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған.

Соқтығысу нәтижесінде екі автотасығыш та жолдан шығып, кюветке аударылған. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.

Ақмола облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз