Неке сарайы қайта басқаруға берілмек
Алматы билігі Абай даңғылындағы Неке сарайын сенімгерлік басқаруға алатын жаңа компания іздеп жатыр, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Ғимарат пен оның алдындағы субұрқақ жеке компанияға 10 жылға беріледі. Нысан сатылмайды және қала меншігінде қалады. Саудаға қатысу үшін 1 950 472 теңге кепілдік жарна төлеу қажет. Басқарушының сыйақысы табыстың 50 пайызынан аспауға тиіс.
1971 жылы ашылған Неке сарайы 1979 жылдан бері сәулет ескерткіші саналады. Бұл нысанды басқарушы табуға жасалған үшінші әрекет.
2016 жылы ғимаратты алған компания міндеттемелерін орындамаған соң келісімшарт бұзылды. 2024 жылы жаңа басқарушы кемінде 1 млрд теңге инвестиция салып, ғимаратты жөндеуге уәде берген. Алайда талаптар белгіленген мерзімде орындалмағандықтан, 2026 жылғы мамырда бұл келісімді де бұзу рәсімі басталды.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз