Экс-полицей 18 жылдық жазаға шағымданды
Алматыда есірткі ісі бойынша 18 жылға бас бостандығынан айырылған бұрынғы полицейдің апелляциялық шағымы қаралып жатыр, деп хабарлайды ZontNews.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Сотталған азамат бұрын Алматы қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған. Екі жыл бұрын аттестациядан өте алмай, қызметінен босатылған. Кейін есірткі бизнесіне қатысы бар деген күдікпен ұсталған.
Биыл тамызда сот оны 18 жылға бас бостандығынан айырды. Ұйымдасқан қылмыстық топтың тағы 11 мүшесіне де түрме жазасы тағайындалды.
Алайда бұрынғы полицей тағылған айыппен және шығарылған үкіммен келіспей, апелляциялық шағым түсірген. Қорғау тарабы сот үкімінде сәйкессіздіктер бар екенін және кейбір сотталғандардың бір-бірін танымағанын алға тартып отыр.
Адвокаттар істі қайта қарауды талап етуде.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз