Жума, 13 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    -1°C
    • Астана
      -1°C
Ру

Олжас Абай Дариға Бадықоваға үйлену туралы шешімді қалай қабылдағанын айтты

Фото көзі: : instagram.com/dariga_badykova
ZontNews.kz
Қар. 6, 2026, 10:05 Т.Ж.

Актер Олжас Абай Дариға Бадықовамен қарым-қатынасы және шаңырақ көтеру туралы шешіміне не түрткі болғанын айтты. Бұл туралы ол Аман Тасығанға берген сұхбатында баяндады, деп хабарлайды ZontNews.kz Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Өнер иесінің сөзінше, үйлену тойының алдында екеуінің арасында түсініспеушілік болып, сөзге келіп қалған. Алайда дәл осы жағдай оған Дариға Бадықованың өміріндегі орны ерекше екенін түсінуге себеп болған.

Ол сол кезде өмірінде материалдық жағдай да, халықтың қошеметі де бар екенін, бірақ соған қарамастан бір нәрсе жетіспейтінін сезінген.

«Той болардың алдында ұрысып қалдық. Қой дедім, енді неде болса да талай аттан құлағанбыз, әрі қарай да кете бересің ғой. [...] Сол кезде "менің адамым ба?" дегенді түсінген шығармын. Сол кезде сигнал келді. "Қой, онда шешіп, той қылайық" дедім», – деді Олжас Абай.

Актердің айтуынша, осы оқиғадан кейін ол қарым-қатынасты жалғастырып, Дариға Бадықовамен отбасын құруға түбегейлі шешім қабылдаған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз