Higgsfield компаниясының негізін қалаушылардың бірі Алекс Машрабов Қазақстан азаматтығын алды
Higgsfield технологиялық компаниясының тең құрылтайшысы Алекс Машрабов Қазақстан азаматтығын алды. Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 30 қазанда қол қойған, деп хабарлайды ZontNews.kz
Қазақстан азаматтығын алған кәсіпкерге төлқұжатты премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев табыстады.
Министрдің айтуынша, мемлекет басшысы жасанды интеллект саласын дамытуға және талантты мамандарды қолдауға ерекше көңіл бөледі. Қазақстан әлемдік деңгейдегі технологияларды әзірлейтін мамандар үшін қолайлы орта қалыптастыруға мүдделі.
Жаслан Мәдиев Алекс Машрабовтың Қазақстан азаматы болуды таңдағанын маңызды оқиға деп атап өтті. Сондай-ақ оның жетістігі отандық жастарға үлгі болатынын айтты.
Министрдің сөзінше, Қазақстанда еңбек етіп, халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті технологиялық өнімдер жасауға мүмкіндік бар. Ол Алекс Машрабовпен бірлесіп, таланттарды қолдау, жаңа өнімдер әзірлеу және елдің технологиялық әлеуетін арттыру бағытында жұмыс істеуге ниетті екенін жеткізді.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз