Қазақстанда 26 мың киік өлексесі табылды
Қазақстанда киіктердің қырылу көрсеткіші табиғи норма шегінде тіркеліп отыр. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев мәлімдеді, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Оның айтуынша, киіктердің өмір сүру ұзақтығы орта есеппен бес жылдан аспайды, ал популяция әр 3–4 жыл сайын жаңарып отырады.
«Жыл сайын киіктердің қырылуы табиғи норма деңгейінде байқалады. Қазіргі уақытта ел аумағында 26 мың өлексе анықталды, оның 11 мыңы Батыс Қазақстан облысына тиесілі. Киіктің негізгі бөлігі осы өңірде шоғырланған», – деді вице-министр Үкіметтегі баспасөз мәслихатында.
Ведомство мәліметінше, киіктерді санау нәтижелері маусым айында жарияланады. Алдын ала болжам бойынша, олардың саны 5 миллионнан асуы мүмкін.
Еске салайық, сәуір айының соңында Қазақстан аумағында 17 мыңнан астам киік өлексесі жойылғаны хабарланған еді.
Мамандардың айтуынша, қыс мезгілінде аталық киіктер арасында өлім-жітім жиілейді. Әдетте бұл көрсеткіш 5–10 пайыз болса, қатаң қыс кезінде 50–70 пайызға дейін жетуі мүмкін.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз