Сенбі, 20 Маусым 2026 г.

$ 488.18
559.6
6.65
  • Алматы
    25°C
    • Астана
      23°C
Ру

Тоқаев: Дәстүрлі өнерді насихаттайтын азаматтарға қолдау күшейеді

Фото көзі: : Ақорда
ZontNews.kz
Мамыр 21, 2026, 6 Т.Қ.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дәстүрлі өнерді дамытуға үлес қосып жүрген өнерпаздарға арналған «Асыл мұра» ұлттық сыйлығы тағайындалатынын мәлімдеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Ақордада өткен мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде айтты, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

Президенттің сөзінше, әсіресе жыр, терме және күй өнерін дамытуға ерекше назар аудару қажет.

“Төл өркениетіміздің теңдессіз қазыналарын дәріптеп жүрген өнер адамдарына қолдау көрсету маңызды. Осыған орай «Асыл мұра» ұлттық сыйлығын тағайындау туралы шешім қабылдадым”, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бұл марапат дәстүрлі өнер өкілдерін қолдауға, олардың шығармашылығын кеңінен насихаттауға және ұлттық өнердің беделін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Президенттің айтуынша, жоғары дәрежелі сыйлық лайықты өнер және мәдениет қайраткерлеріне тиісті министрліктің ұсынысымен Президент Жарлығы арқылы табысталады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет пен өнер саласы мемлекет назарынан тыс қалмайтынын жеткізді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз