Қазақстанның ең ықпалды әйелдері анықталды
Forbes Kazakhstan еліміздегі ең ықпалды 25 әйелдің кезекті рейтингін жариялады. Тізімге бизнес, мемлекеттік басқару, қаржы, ғылым, мәдениет және қоғамдық сектор өкілдері енді, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Рейтингтің алғашқы төрттігі екінші жыл қатарынан өзгерген жоқ. Көш басында Halyk Bank басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова тұр. Одан кейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова, Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Аида Балаева және «Отбасы банк» басшысы Ләззат Ибрагимова орналасқан.
Бесінші орын эколог әрі кәсіпкер Әсел Тасмағамбетоваға бұйырды. Сондай-ақ алғашқы ондыққа Аружан Саин, Анар Рақымбаева, денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова және Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрайымы Елена Бахмутова кірді.
Рейтингтің толық тізімі:
- Үміт Шаяхметова
- Мәдина Әбілқасымова
- Аида Балаева
- Ләззат Ибрагимова
- Әсел Тасмағамбетова
- Аружан Саин
- Анар Рақымбаева
- Ақмарал Әлназарова
- Жұлдыз Сүлейменова
- Елена Бахмутова
- Раушан Қажыбаева
- Гаухар Қаппарова
- Гүлнар Досаева
- Эльвира Әзімова
- Әлия Молдабекова
- Динара Зәкиева
- Чинара Бугимбаева
- Алина Алдамберген
- Әсел Жанасова
- Әсел Мұқажанова
- Баян Алагөзова
- Жәния Әубәкірова
- Жанна Кан
- Гаухар Әбдіқаева
- Раушан Жақсыбай
Биыл бес әйел рейтингке алғаш рет енді, ал Әсел Жанасова тізімге қайта оралды. Былтырғы қатысушылардың 18-і өз орнын сақтап қалған. Рейтингке енген әйелдердің орташа жасы – 52 жас.
Үміткерлерді анықтау кезінде 170-тен астам кандидат қаралып, олардың арасынан 55 әйел алдын ала іріктелген. Қорытынды нәтиженің 90 пайызы сарапшылардың бағасына негізделді. Сандық көрсеткіштер мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар үлесіне бес пайыздан берілді.
Зерттеу нәтижесі әйелдердің ықпалы көбіне көпжылдық кәсіби тәжірибе, басқарушылық өкілеттік және жүзеге асырған ірі жобалары арқылы қалыптасатынын көрсетті. Қазақстанда ықпалды әйелдер негізінен бизнес, қаржы және мемлекеттік басқару салаларында шоғырланған.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз