Алимент өндірудің талап-тәртібі қандай?
Қарасай ауданы, Алматы облысы бойынша жеке сот орындаушысы Разия Бимырзаеваның айтуынша, алимент өндіру – әлеуметтік маңызы өте жоғары, өзектілігін жоғалтпай тұрған мәселелердің бірі. Сот алимент өндіру туралы шешім шығарғанымен, өкінішке қарай, оны өз еркімен орындайтындар өте аз, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Көп жағдайда борышкерлер шынайы табысын жасырып, аз мөлшерде төлеу үшін түрлі тәсілдерді қолданады. Заңға сәйкес, алимент көлемі бала санына қарай белгіленеді: бір балаға – табысының 1/4 бөлігі, екі балаға – 1/3 бөлігі, үш және одан да көп балаға – табысының 1/2 бөлігі төленуі тиіс.
Разия Бимырзаеваның айтуынша, алимент төлеуде «жұмыссыз» немесе «табысы аз» деген түсінік болмайды. Егер адамның ресми жұмысы жоқ болса, алимент мөлшері ҚР орташа айлық жалақысы негізінде есептеледі және борышкер бұл соманы төлеуге міндетті
Егер борышкер алимент өндіру туралы сот шешімін өз еркімен орындамаса, жеке сот орындаушысы бірқатар шектеу шараларын қолданады:
• банктік шоттарына тыйым салу;
• нотариалдық әрекеттерге шектеу қою;
• жылжымалы және жылжымайтын мүлікке тыйым салу;
• Қазақстан аумағынан шығуға уақытша шектеу енгізу;
• жүргізуші куәлігінің күшін тоқтату және басқа да шаралар.
Сонымен қатар, алиментті 3 айдан астам төлемегендер ҚР ӘҚБтК-нің 661-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл шара нәтиже бермесе, борышкерге қылмыстық жауапкершілік қарастырылады.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз