Энрике Иглесиас қазақстандықтарға алғыс айтты
Испаниялық танымал әнші Энрике Иглесиас Астанада өткен Қазақстандағы алғашқы концертінен кейін жанкүйерлеріне арнайы үндеу жолдады, деп хабарлайды ZontNews.kz.
4 қыркүйекте өнер иесі Instagram парақшасында елордадағы концертіне қатысты қысқаша жазба жариялады.
«Астана! Қазақстандағы ұмытылмас алғашқы шоу үшін рақмет!» – деп жазды әнші.
Қазақстандық жанкүйерлер де пікірлер бөлімінде әртіске алғыс айтып, концерттен алған әсерлерімен бөлісті. Көрермендер кешті ерекше әрі ұмытылмас деп атады. Олардың арасында сүйікті әншісін көру үшін шетелден арнайы келгендер де бар. Кейбір жанкүйерлер Энрике Иглесиастың концертіне қатысу көптен күткен арманы болғанын жазды.
Латын поп-музыкасының жұлдызы 3 қыркүйекте Астанада алғаш рет өнер көрсетті.
Энрике Иглесиастың келесі концерті 5 қыркүйекте Алматыда өтеді. Шоу аяқталғаннан кейін көрермендерге ыңғайлы болуы үшін қала билігі 50 тегін автобус-шаттл ұйымдастырады.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз