Сәрсенбі, 5 Тамыз 2026 г.

$ 471.98
543.39
5.82
  • Алматы
    18°C
    • Астана
      18°C
Ру

Бектенов: Қазақстанның IT экспорты 1,1 млрд долларға жетті

Фото көзі: :gov.kz
ZontNews.kz
Маусым 26, 2026, 6 Т.Қ.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің айтуынша, Қазақстанда цифрландыру және жасанды интеллект салалары қарқынды дамып келеді. Бұл туралы ол Парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Үкімет басшысы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес цифрлық технологияларды дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Оның ішінде цифрлық кодекс пен жасанды интеллект туралы заңның қабылдануы, сондай-ақ Digital Kazakhstan стратегиясының бекітілуі бар.

Бектеновтің сөзінше, биыл Қазақстанда цифрландыру және жасанды интеллект жылы жарияланған.

– IT саласындағы экспорт экономикамыз үшін өте маңызды. 2025 жылы IT экспортының көлемі 1,1 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 60 пайызға жоғары көрсеткіш, – деді ол.

2024 жылы бұл көрсеткіш 690 млн доллар болған.

Премьер-министр сондай-ақ маман даярлау мәселесіне тоқталып, AI Sana бағдарламасы аясында 1 миллионнан астам адамның жасанды интеллект негіздеріне оқытылғанын айтты. Бұл жұмыс мектептер мен жоғары оқу орындарында жалғасатынын жеткізді.

Сонымен бірге ол бәсекенің күшеюін атап өтіп, IT саласында белсенді әрі жүйелі шаралар қабылдау қажеттігін ескертті.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз