Дәрігер аш қарынға кофе ішудің қаупін ескертті
Аш қарынға кофе ішу асқазан мен жүрек жұмысына кері әсер етуі мүмкін. Бұл туралы хирург, медицина факультетінің аға оқытушысы Александр Умнов мәлімдеді, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Маманның айтуынша, кофе асқазан сөлінің бөлінуін күшейтіп, зарна, асқазанның ауырсынуы, гастрит, тіпті ойық жараның пайда болуына себеп болуы ықтимал. Сондай-ақ өттің мезгілсіз бөлінуі ас қорыту жүйесінің жұмысын бұзуы мүмкін.
Бұдан бөлек, кофе кортизол деңгейін көтеріп, мазасыздық пен ашушаңдықты күшейтеді. Әсіресе ұйқысы қанбайтын немесе күйзеліс жағдайындағы адамдарға абай болған жөн.
Дәрігердің сөзінше, қою кофені аш қарынға ішу қан қысымы мен жүрек соғысына да әсер етеді. Әсіресе жаздың ыстық күндері бұл қауіп арта түседі.
Сондықтан маман таңертең кофені міндетті түрде тамақтан кейін ішіп, артынан бір стақан су ішуге кеңес береді.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз