Сәрсенбі, 4 Ақпан 2026 г.

$ 503.05
595.85
6.55
  • Алматы
    1°C
    • Астана
      -21°C
Ру

«Қайрат» Чемпиондар лигасынан 11,6 млрд теңге пайда көрді

Фото көзі: ZontNews.kz
Қаһар Бинахметов
Қаң. 30, 2026, 1:31 Т.Қ.
0
20

Алматылық «Қайрат» клубы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі өнерін турнир кестесінің соңғы сатысында аяқтады. Спорттық нәтиженің төмендігіне қарамастан (36-орын), клуб өз бюджетіне рекордтық көлемде қаражат тартты, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Алматылық ұжымның еурокубоктан тапқан жиынтық табысы 11,65 миллиард теңгеден асты.

Клуб кірісінің негізгі бөлігі турнирге қатысқаны үшін берілетін кепілдендірілген сыйақыдан құралды, бұл шамамен 11,2 миллиард теңгені құрайды. Сонымен қатар кипрлік «Пафос» клубымен тең түскені үшін «Қайрат» 422 миллион теңге бонус алды. Турнир кестесінде соңғы орын алғаны үшін тағы 165,8 миллион теңге аударылады.

Клубтың жалпы табысы 11,65 миллиард теңгеден асты. Алдағы уақытта телехабар тарату және маркетингтік құқықтарды сатудан түсетін табысты бөлу нәтижесі бойынша қосымша төлемдер түсуі тиіс.

Еуропалық доданың жалпы кезеңінде алматылықтар сегіз матч өткізіп, оның жетеуінде жеңіліске ұшырады. Турнирдің қорытынды кездесуінде «Қайрат» лондондық «Арсеналдан» 2:3 есебімен ұтылды. Бұл ойында алматылық клуб сапынан Жоржиньо мен Рикардиньо гол соқты. Осылайша «Қайрат» бір ғана ұпаймен еурокубок маусымын тәмамдады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз

Сізді де қызықтырады