Сейсенбі, 5 Мамыр 2026 г.

$ 464.9
543.53
6.16
  • Алматы
    19°C
    • Астана
      22°C
Ру

Перизат Қайраттан тәркіленген Mercedes-Benz мемлекеттік меншігіне өтті

Фото көзі: : ашық дереккөздерден
ZontNews.kz
Сәуір 8, 2026, түсқайта
0
22

Қайырымдылық қаражатын жымқырғаны үшін сотталған Перизат Қайраттың Mercedes-Benz S450 көлігі аукционнан кейін мемлекеттік меншігіне берілді. Бұл туралы ZontNews.kz. хабарлайды.

Порталда жарияланған ақпаратқа қарағанда, «Мүлікті мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне беру және бекіту. Сауда-саттық мәртебесі: Өтті» деп көрсетілген. Көліктің бағасы бұрын 79,4 млн теңге деп бағаланған. Алайда, нақты қай мекемеге бұйырғаны жарияланбады.

Сонымен қатар, Астанадағы аукционда қара Haval H6 GT автокөлігі де сатылып, мемлекеттік меншігіне өтті. Бұл көлік Перизат Қайраттың анасы мен туыстарының атына тіркелген болатын, бағасы – 11,9 млн теңге.

Еске салайық, 2025 жылғы 25 шілдеде Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылып, «Шапағат» медалінен де айырылған еді. Сот үкімі бойынша ол және анасы 50 жәбірленушіге жалпы 1,582 млрд теңге өтемақы төлейді, сонымен қатар мемлекеттік баж және сот шығындарын да өтеуі тиіс.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз