Сенбі, 21 Наурыз 2026 г.

$ 481.88
556.79
5.72
  • Алматы
    15°C
    • Астана
      5°C
Ру

Жәнібек Әлімханұлы: «IBF кетті, бірақ WBO нұсқасы бойынша әлі де әлем чемпионымын»

Фото көзі: : instagram.com/janibek_alimkhanuly
ZontNews.kz
Наурыз 11, 2026, 6 Т.Қ.
0
13

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Халықаралық бокс федерациясының (IBF) өзіне қатысты шешіміне пікір білдірді, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Жәнібек Instagram желісінде IBF белбеуінен айырылуына қатысты жазба жариялап, WBO нұсқасы бойынша әлі де әлем чемпионы екенін айтты:

"Сыналдық, бірақ сынбадық! Шешімдер шықты, IBF кетті, WBO қалды. Қалай болғанда да мен WBO нұсқасы бойынша орта салмақта әлем чемпионымын! Бір титул сақталды! Аллаға шүкір! Бұйыртса, 8 айдан соң рингке шығамын! Үлкен жорық жалғасады!"

Боксшы кәсіби спортты бизнеске айналдырмай, спорт жағында екенін атап өтті:

"Кәсіпқой бокс біреулер үшін спорт болса, кейбіреулер үшін тек бизнес! Біз спорт жағындамыз! Біз қазақылық бағытындамыз!"

Сондай-ақ Жәнібек допингке қарсы екенін тағы бір мәрте мәлімдеді:

"Мұны бұрын да айтқанмын, қазір де айтамын! Өткен нәрсе өтті, біткен нәрсе бітті! Ең бастысы ел менің кім екенімді, қандай боксшы екенімді жақсы біледі! Біз әлі әлем чемпионымыз! Алдымызда талай додалар күтіп тұр! Қолдауларыңызға рақмет!"
Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз