Әлемдегі тұңғыш триллионер – Илон Маск
SpaceX компаниясының акцияларын сатудан 75 млрд доллар инвестиция тартуы америкалық кәсіпкер Илон Масктың байлығын бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткізді, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Сарапшылардың бағалауынша, оның жалпы дәулеті 1,1 триллион доллардан асып, Маск әлем тарихындағы алғашқы триллионер атанды.
Forbes дерегінше, бұған дейін Масктың байлығы шамамен 780 млрд доллар болған. Алайда SpaceX құнының күрт өсуі оның негізгі активтерінің бағасын айтарлықтай арттырды. Қазіргі таңда кәсіпкердің компаниядағы үлесі шамамен 866 млрд долларға бағаланып отыр.
Масктың активтеріне сондай-ақ электромобиль өндіруші Tesla компаниясындағы акциялары мен өзге де инвестициялары кіреді. Сарапшылар Tesla әлемдегі автокөлік нарығының электрлі көліктерге көшуіне үлкен ықпал еткенін атап өтеді.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз