Сәрсенбі, 6 Мамыр 2026 г.

$ 463.34
544.52
6.19
  • Алматы
    20°C
    • Астана
      18°C
Ру

Мақпал Жүнісова Қарағандыдағы сапары туралы пікір білдірді

Фото көзі: : instagram.com/zhunusova.makpal
ZontNews.kz
Мамыр 6, 2026, 5:22 Т.Қ.

Әнші Мақпал Жүнісова Қарағандыға жасаған сапары кезінде көңілін қалдырған жайттар туралы әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

Өнер иесі марқұм жұбайы Заманбек Нұрқаділовпен бірге бұл қалаға бұрын келген кездерін еске алып, сол уақытта көрсетілген құрметті атап өткен.

Алайда бұл жолғы сапарында мұндай ықылас байқалмағанын айтып, жергілікті билік өкілдерінен ешкімнің қарсы алуға келмегеніне көңілі толмағанын жеткізді.

«Зәкең марқұм билікте болғанда Қарағандының басшылары осылай траптан қарсы алатын еді. Бұл жолы барғанымызда ешкімді көрмедік. Ең болмағанда мәдениет бөлімінен бір адам келсе де болар еді», – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары бұл пікірге түрлі көзқарас білдіріп, көпшілігі әншінің жазбасын қолдаған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз