Ақтауда «Хан Тамада» 10 тәулікке қамауға алынды
Ақтауда «Хан Тамада» атымен танылған шоумен Қасым Өтешев 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Сот материалдарына сәйкес, бұған дейін оған азаматтық некедегі жұбайымен байланыс орнатуға, кездесуге және оның үйіне баруға тыйым салатын қорғау нұсқамасы берілген. Алайда кейінірек олардың арасында жанжал туындап, жәбірленуші шоуменнің өзіне балағат сөздер айтып, ар-намысына тигенін мәлімдеген.
Сот отырысында Қасым Өтешев өз кінәсін мойындамай, жанжалды екінші тарап бастағанын айтқан. Соған қарамастан, сот жәбірленушінің арызы, әкімшілік хаттама және куәгердің айғақтары негізінде оның кінәсі дәлелденді деп таныды.
Нәтижесінде Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты шоуменді Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 461-бабы бойынша кінәлі деп танып, 10 тәулікке қамау туралы шешім шығарды. Сот қаулысы 2 маусымда заңды күшіне енді.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз