Португалия әлем чемпионатымен қоштасты, Роналдуның арманы орындалмады
2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Португалия құрамасы Испаниядан 0:1 есебімен жеңіліп, жарысты мерзімінен бұрын аяқтады, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Матчтағы жалғыз голды қосымша уақыттың алғашқы минутында испаниялық Микель Мерино соқты. Криштиану Роналду кездесуді негізгі құрамда өткізіп, бірнеше қауіпті сәтке қатысқанымен, командасына жеңіс сыйлай алмады.
Ойын аяқталғаннан кейін 41 жастағы шабуылшы қарсыластарын құттықтап, кейін эмоциясын тежей алмай көз жасына ерік берді. Бұған дейін Роналду бұл турнир өзінің футболшы ретіндегі соңғы әлем чемпионаты болатынын айтқан еді.
Бұл кездесу Роналду үшін Португалия құрамасындағы 233-матч болды. Ол ұлттық құрамалар тарихындағы ең көп ойын өткізген футболшы ретінде рекордын жаңартты. Сонымен қатар 146 голмен халықаралық футболдағы ең үздік сұрмерген атанып отыр.
Мансабында Еуропа чемпионаты мен екі мәрте УЕФА Ұлттар лигасын жеңіп алған Роналду үшін әлем чемпионатының басты жүлдесі әзірге бағынбай келеді.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз