Сәрсенбі, 5 Тамыз 2026 г.

$ 471.98
543.39
5.82
  • Алматы
    18°C
    • Астана
      18°C
Ру

Өртелген полицей ісі: адвокаттар не деді?

Фото көзі: ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Шілде 16, 2026, 11:30 Т.Ж.

Алматы облысында өртелген күйде табылған полиция қызметкері Аслан Әлсеровтің өліміне қатысты іс бойынша күдікті жасөспірімдердің адвокаттары тергеу барысына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Ulysmedia-ға сілтеме жасаған ZontNews.kz. хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, 23 маусымда Алматы облысының таулы аумағынан 37 жастағы полиция қызметкері Аслан Әлсеровтің өртенген денесі табылған. Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті ретінде марқұмның жұбайы Арайлым Әлсерова қамауға алынған. Сонымен қатар оқиға орнында болған үш кәмелетке толмаған жасөспірім үйқамаққа жіберілген.

Жасөспірімдердің бірінің адвокаты Ғалым Нұрпейісовтің айтуынша, оның қорғауындағы бала марқұмның ұлының досы болған және оқиға болған күні үйге ойын ойнауға барған. Оның сөзінше, алғашқы жауап алу кезінде кәмелетке толмаған баланың жанында адвокат болмаған.

Қорғаушы қазіргі уақытта психологиялық-психиатриялық сараптама жүргізіліп жатқанын, оның қорытындысынан кейін жасөспірімнен қайта жауап алу туралы өтініш беруді жоспарлап отырғанын айтты. Сондай-ақ ол тергеу барысында балаларға қысым көрсетілген болуы мүмкін деген пікір білдірді.

Ал қалған жасөспірімдердің адвокаты Гаухар Сарыева тергеу құпиясына байланысты істің мән-жайын толық түсіндіре алмайтынын, алайда әріптесінің айтқан уәждерімен келісетінін жеткізді.

Тергеу нұсқасына сәйкес, қайғылы оқиға болған күні ерлі-зайыптылар арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан. Кейін полиция қызметкерінің денесі көлікпен Алматыдан шамамен 300 шақырым жердегі таулы аймаққа жеткізіліп, өртелген.

Еске салайық, марқұмның мәйітін Алматы облысы Кеген ауданында жергілікті бақташы тауып, бұл туралы полицияға хабарлаған. Тергеу жалғасып жатыр. Күдіктілердің кінәсі сотта дәлелденсе, оларды 15 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы күтуі мүмкін.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз