Эколог Алматыдағы арықтарды жабу бастамасын сынға алды
Алматыда арық жүйелерін бетон плиталармен жабу жұмыстары тұрғындар арасында наразылық тудырды. Бұл бастамаға қатысты эколог Лаура Маликова мұндай шешімнің экологиялық тұрғыдан дұрыс емес екенін айтты, деп хабарлайды ZontNews.kz. BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Маманның сөзінше, Алматының таулы аймақта орналасуына байланысты ашық арықтар жаңбыр мен еріген қар суын қауіпсіз ағызуда маңызды рөл атқарады. Оның пікірінше, балама су бұру жүйесі жасалмай тұрып арықтарды жабу көшелерде су жиналуына және жасыл желекке кері әсер етуі мүмкін.
Эколог мұндай жобалар міндетті түрде экологиялық сараптамадан өтіп, тәжірибелі мамандардың қатысуымен талқылануы тиіс екенін атап өтті. Ал қала әкімдігі жаңғырту аясында арықтардың тек шамамен 15%-ы ғана жабылатынын және бұл жұмыстар қауіпсіздік пен абаттандыру қажет учаскелерде жүргізілетінін мәлімдеді.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз