Сейсенбі, 5 Мамыр 2026 г.

$ 464.9
543.53
6.16
  • Алматы
    20°C
    • Астана
      23°C
Ру

Министрлік «Қыз Жібек» фильміндегі камзолға қатысты дауға түсініктеме берді

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Сәуір 20, 2026, 10:55 Т.Ж.
0
15

2026 жылғы 17 сәуірде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі әлеуметтік желілерде қызу талқыланған продюсер Баян Алагөзова жариялаған жазбаға қатысты ресми пікір білдірдідеп хабарлайды ZontNews.kz.

Министрлік мәліметінше, Қазақфильм киностудиясының музей қорында «Қыз Жібек» фильмінде пайдаланылған камзолдың түпнұсқасы сақтаулы. Бұл жәдігер ұлттық кино өнерінің маңызды мәдени мұрасы ретінде қорғалып келеді.

Ал әлеуметтік желіде айтылған екінші камзолдың жеке қолға қалай өткені әзірге анықталу үстінде. Қазіргі таңда бұл мәселе бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Ведомствоның хабарлауынша, «Қазақфильм» ұлттық фильмдерде қолданылған реквизиттерді, костюмдер мен тарихи маңызы бар бұйымдарды жүйелі түрде жинақтап, оларды қалпына келтіру және сақтау ісін тұрақты түрде жүзеге асырып келеді. Бұл – ұлттық мәдени мұраны келер ұрпаққа жеткізудің маңызды бөлігі.

Сонымен қатар, студия жанынан заманауи талаптарға сай жаңа музей ашу жоспарланып отыр. Онда отандық кино тарихына қатысты бірегей экспонаттар көпшілікке ұсынылады.

Министрлік мәдени құндылықтарды қорғау мәселесіне ерекше назар аударатынын және қоғамда туындаған сауалдарға әрдайым ашық жауап беруге дайын екенін атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Меруерт Өтекешова киген камзолға ие болғанын айтқан Баян Алагөзова бұл жаңалығын әлеуметтік желіде жариялап, көпшіліктің назарын аударған еді.

 

 

 

 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз