Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мансабында алғаш рет Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) әлемдік рейтингінде көш бастады, деп хабарлайды ZontNews.kz. Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
US Open-2026 турнирі аяқталғаннан кейін, 14 қыркүйекте жаңартылған рейтинг жарияланды. Рыбакина 2024 жылдың қазан айынан бері бірінші орында тұрған Беларусь өкілі Арина Соболенконы ығыстырып, рейтингтің алғашқы сатысына көтерілді.
Қазақстандық спортшы әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесіне US Open додасының жартылай финалына шыққан кезде-ақ қол жеткізген еді. Алайда бұл нәтиже жарыс аяқталып, WTA рейтингі ресми түрде жаңартылғаннан кейін ғана бекітілді.
Бұл – 27 жастағы теннисшінің мансабындағы алғашқы әлемдік көшбасшылық. Сонымен қатар Рыбакина Қазақстан теннисі тарихындағы айтулы жетістікке қол жеткізді. Бұған дейін еліміздің атынан өнер көрсеткен бірде-бір теннисші жекелей сында WTA немесе ATP рейтингінің бірінші сатысына көтерілмеген.
Рыбакина жаңа мәртебесін US Open турниріндегі жеңісімен бекемдеді. Ол финалда әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Арина Соболенконы жеңіп, жарыстың бас жүлдесін иеленді.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз